12.05.2021 жылы Қарасай ауданының Жастар ресурстық орталығы, Жас Отан жастар қанаты, Қаскелең қаласы әкімдігінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Мөлдір Касенова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында колледжіміздің студенттеріне ZOOM платформасы арқылы конференция өткізді.
Конференцияның мақсаты: жастар арасында “Сыбайлас — жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту және өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарауға және әділдікке тәрбиелеу.
#сыбайлас#жемқорлыққа#жол#жоқ
Сыбайлас жемқорлық туралы сауалнаманың қорытындысы. Сауалнамаға 120 студент қатысты. Сауалнама мақсаты: студенттердің заңды мүдделері мен еркіндіктерін құқықтық сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету , сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу , анықтау және жол бермеу жөніндегі нормативті құқықтық базаны жетілдіру, колледжішілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы студенттердің ынтымақтастығын кеңейту және жандандыру. Сауалнама қорытындысы бойынша студенттердің бойында жемқорлыққа төзбеушілік қасиет қалыптасқандығы көрінді.