📆 09.09.2021 жылы
⏰ 10:00-де
📍Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Санжар Жандосов колледжі
Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығы, «Jas Otan» Жастар Қанаты және Санжар Жандосов колледж студенттерінің қатысуымен 11 қыркүйек — «Халықаралық отбасы күніне» орай «Дені сау отбасы — ел болашағы» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды.
Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен-ақ басталады. Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың арманы және борышы екені даусыз.
Басты мақсатымыз: Жастарға ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы — бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе екенін айтып жеткізу. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.
Эссе жазу барысында Санжар Жандосов колледжінің ең үздік деп танылған студенттері l, ll және lll аудандық жастар орталығының дипломдарымен марапатталды. Атап айтсақ: I орын — Ударбаева Ғазиза, ll орын — Айтбаева Гүлбану, lll орын — Лесова Айша, сондай-ақ, эссе байқауына қатысқан басқа да белсенді жастарымызға және осы эссе байқауына қатысқан студенттерді дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Омарбаева Мәншүк Рахимқызына аудандық жастар орталығының Алғыс хаты табыс етілді.
Әрқашан еңселі еліміздің Тәуелсіздігі тұғырлы, отбасымыз аман, босағамыз берік болсын.
Толық медиафайлдармен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://www.instagram.com/p/CTmTph1D8SC/