Алматы облысында «Жұмыс берушілер күні» өтті. Облыстық білім басқармасы ұйымдастырған іс-шара өңір колледждерінің жұмыс берушілермен ынтымақтастығын дамытуды көздейді. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар кадрларды даярлау сапасын арттыру мен түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылады.

