яндекс

mail.ru

google

метка up

Каскеленский
профессионально-технический
колледж

им. Санджара Жандосова

Приемная комиссия

Каскелен

комп

планшет

телефон

секцию не удалять, сделать невидимой - в ней индикатор ПК-Планшет-ТЛФ

КДМ

Санджар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжіндегі  жастар ісі жөніндегі комитет туралы мәлімет

Жастар ісі жөніндегі комитетінің мақсаты:  жастардың қоғамдық өмірге белсенділікпен араласуы мен қоғамның жастар туралы көңілге қонымды, объективті пікірінің қалыптасуын қамтамасыз ету.

Жастар ісі жөніндегі комитетінің міндеті: тәрбие сапасын көтеру үшін колледжде дарындылардың өсуіне арнайы орта жасау. Санджар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі  «Биоақпараттану және синергетика» технологиясы бойынша жұмыс жүргізуде.  
Колледждің жастар ісі жөніндегі комитетінің мақсаты 2019-2020  оқу жылында жаңадан сайлау өткізілді.  Топта сайланған көшбасшылар колледждің  жастар ісі жөніндегі комитетіне іріктеліп тағайындалды. Жалпы 1,2,3 курстар арасында 12 студент президенттік сайлауға қатысты. 08.11.2019 ж. жастар ісі жөніндегі комитетінің торағасы яғни оның көмекшілері, секторлардың ұлықтау рәсімі өтті.
              «Биоақпараттану және синергетика» технологиясы               

Биоақпараттану – бұл бір тірі организмнен екінші біреуіне ақпаратты жеткізу

Синергетика – бұл әр түрлі серіктес қоғамның өз бетінше ұйымдасқан түрдегі жалпы бірдей мақсатқа жету үрдісі

Технологияның мақсаты мен міндеттері – студенттердің төмендегідей ойлау сапасының әлеуметтік қажетті түрде даму негізіндегі оқыту мен оның әлеуметтік нәтижесіне жету (слайд)

  1. Шапшаңдық (скорость)
  2. Жады (память)
  3. Сөздік қоры
  4. Логика
  5. Сыни көзқарас (критика)
  6. Шығармашылық
  7. Талдау (Синтез)
  8. Ақпараттық шыдамдылық (информационная выносливость)

Технологиялық қызметтің міндеттері

  • Колледждегі технологиялық үрдіске қойылымды ұйымдастыру
  • Сапалы білім беруді басқару
  • Өздік жұмыстар мен нормативтерді бақылау
  • Оқушылардың ойлауын шынықтыру мен дамыту
  • Әр түрлі ойлау жолдары бойынша жарыстар өткізу
 

12 ақпан күні Әулие Валентин күні қарсаңында

колледжімізде «Жастар-ел болашағы» атты студенттер арасында өтетін жобаның жоспарына сәйкес «Әулие Валентин күніне қарсы» атты дебат өтті. Оған «Алғыр жастар» мен «Томирис» топтары ережеге сай ойынға қатысып,«жақтаушы» мен «даттаушы» топ болып,«үкімет»пен«оппозиция» мүшелерін жеребе тастау арқылы анықтап, өз«кейстерін» алдын ала дайындау арқылы өз пікірлерін қорғауға тырысты. Ойын өте тартымды және жастарға ой саларлықтай өтті. Ойын соңында тәуелсіз төрешілер өз ойларын ортаға салып, үздік ойыншы«Алғыр жастар» тобының мүшесі Анварова Меруертті, ал үздік скипер «Томирис» тобының мүшесі Ханатбаева Гүлбахарды атады. Топ жетекшілері Амангелді Ержан мен Шалдибекова Диана топ мүшелеріне жігер беру мақсатында ортада Әулие Валентин күніне қатысты ойларымен бөлісті. Қортындылау сөз кезегі жоба ұйымдастырушысы колледж кітапханашысы Калилаева Гулшат сөз сөйлеп, алдағы жарыстарда жеңіс тіледі. Ойынды әділ бағалап, өз тәжрибесін студенттермен бөліскен колледжіміздің тарих пәнінің мұғалімі Болатхан Бақытгүл және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Омарбаева Мәншүкке алғысымызды білдіреміз. «Алғыр жастар» тобы бұл жолыда алғырлығын көрсетті.

Предыдущая
Следующая
Наурыз айында «Эрудит» дебат клубының қатысуымен «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 игі іс» атты колледжде өтетін іс-шаралардың жоспарына сәйкес «Жастар тәуелсіздік туралы біле ме?» атты тақырыпта дебат өтті.
Мақсаты: Ата-бабаларымыздың қан төгісімен келген тәуелсіздігіміздің қаншалықты қадірлі екенін, өз еліміздің тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу, сондай-ақ мемлекетімізді әлемдік деңгейге жеткізу біздің қолымызда екенін түсіндіру, студенттерге патриоттық тәрбие беру.
 
 
 

Мейрам қарсаңында Қаскелеңде 50 түп ағаш отырғызылды!

Қала әкімі Аскар Мұқашев пен аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және де аудандық маслихат депутаттары қолдауымен өткізілген шараға С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық   колледж студенттерінен құрылған эко-волонтерлер белсенді атсалысты.

ЖАСТАР ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ!

Ырымшыл қазақ халқы байырғыдан ақ пен құнарлыжеті түрлі дәмнен жасалатын көже молшылық пен береке әкеледі деп санаған. Осыны негізге ала отырып, мереке қарсаңында ауданымыздың Жастар ресурстық орталығы С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжімен бірігіп «НАУРЫЗ КӨЖЕ» акциясын өткізді. 

 

 

17.05.2021 жылы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Джаркембаева Макпал Мырзағалиқызы мен психолог Атагелді Балжан Орынбасарқызы қазіргі заманғы белең алып жатқан жағдайдың бірі жасөспірімдер арасындағы «Өз-өзіне қол жұмсау» мәселесі болып жатқандықтан, бұндай індетті болдырмау, алдын-алу мақсатында, сонымен қатар жеткіншектер арасындағы құқықбұзушылық әрекеттері, ата-ананың баласының алдындағы міндеттерін орындауға байланысты ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналарға өз балаларына дос, сырлас болу қажеттігін, баласының жан дүниесін түсіну, сезіну, әр қашан балаларына қолдаушы болу керек екенін жеткізу болды.

Предыдущая
Следующая

 

18.05.2021 жылы колледжіміздің психологы Атагелді Балжан Орынбасарқызы «Жасөспірімдердің өзіне қол жұмсау әрекеттерінің алдын-алу» бойынша «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында студенттерді психикалық дағдарыстан шығару және позитивті сана қалыптастыру бойынша тренинг өткізді.
Мақсаты: Студенттерге өмірді сүюге, өмірге деген құлшыныстарын оятып, өмірдің адамға берілген үлкен сый екені туралы сана қалыптастыру.





Каскелен Санджар Жандосов атындағы кәсіптік- техникалық колледжінің студенттері «Мен өмірді не үшін сүйемін» атты челендж өткізді. Челендж мақсаты әр жасөспірім өмірді жақсы көру керек екенін түсіндіру! Өмірдің барлық мүмкіндіктерімен, қиыншылықтарымен қоса сүру керек!

Колледжімізде 22-28 желтоқсан аралығында «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық акциясы өтті. Ізгі шараның негізгі мақсатыстуденттердің санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, жас буынды кішіпейілдікке, бауырмалдыққа баулу. Бір аптаға созылған акцияға колледжіміздің барлық студенттері ат салысты. Бұдан түскен қаражат әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлікпен көмектесуге жұмсалды.
Мұндай кеңпейілділік танытып, қайырымдылық жәрмеңкеге жомарттықты жанына серік еткен студенттерге басшылық тарапы алғыс білдіріп,жұмыстарына табыс тіледі.

Колледжімізде 22-28 желтоқсан аралығында «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық акциясы өтті. Ізгі шараның негізгі мақсатыстуденттердің санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, жас буынды кішіпейілдікке, бауырмалдыққа баулу. Бір аптаға созылған акцияға колледжіміздің барлық студенттері ат салысты. Бұдан түскен қаражат әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлікпен көмектесуге жұмсалды. Мұндай кеңпейілділік танытып, қайырымдылық жәрмеңкеге жомарттықты жанына серік еткен студенттерге басшылық тарапы алғыс білдіріп,жұмыстарына табыс тіледі.


Қазақ халқы үшін ХХ ғасыр «тар жол тайғақ» кешулерден, соқтықпалы, соқпақсыз отызыншы жылдардан басталып, елуінші жылдардың зұлматынан өткен, сыйы мен тартыуы да, қайғысы мен қасіреті де жетерлік сәттерге толы болды десек артық айтқандық емес. Даламыздай кең де, сабырлы халқымыз тағдыр талайында өзіндік қасиетін жоғалтпай, батыл қадам нәтижесінде азаттыққа қол жеткізгені тарихи шындық. Осындай тарихи шындықты тойлап келе жатқанымызға биыл 30 жыл. Осындай қасиетті де қастерлі ұлттық мерекені колледж қабырғасында концерттік бағдарламамен атап өтті. Желтоқсан құрбандарын еске алу бір минуттық үнсіздіктен бастау алған «Жасай бер-Қазақ елі» атты әдеби кешімізге арнайы шақыртылған қонақтар: қоғам қайраткері, порфессор, Шет тілдері колледжінің директоры, Қарасай ауданының құрметті азаматы Шпекбаева Бақыт Жатқанбайқызы, Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Анаға құрмет» музейінің директоры, Қазақстан журналистер Одағы сыйлығының лауреаты Тойбаева Аршагүл Серікқызы, желтоқсан көтерілісінің ардагерлері: Айқымбаев Акзамбек Сыдыкович, Джексимбаева Акшагуль Курмашовна, Конурбаева Жанат Кадыржанович, Жамбыл ауданының құрметті азаматтары Қожахметова Назкен, Акжолов Мурат Нугманович. ҚР Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, колледж студенттері патриоттық әндермен кештің сәнін келтірді. Кеш барысында желтоқсаншы ардагерлер сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Бір қатар ұстаздар ерен еңбектері үшін «Алғыс хатқа» ие болдыТәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 игі іс» айдарымен жоспарланған 30 іс шараға атсалысқан студенттер де марапатталды. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Заголовок слайда 1
Проснувшись однажды утром после беспокойного сна
Жми!
Заголовок слайда 2
Проснувшись однажды утром после беспокойного сна
Жми!
Заголовок слайда
Проснувшись однажды утром после беспокойного сна, Грегор Замза обнаружил, что он у себя в постели превратился в страшное насекомое.
Жми!
Заголовок слайда
Проснувшись однажды утром после беспокойного сна, Грегор Замза обнаружил, что он у себя в постели превратился в страшное насекомое.
Жми!
Предыдущая
Следующая

Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасының «Жастар денсаулық орталығы» және «Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Қаскелең қаласы мәдениет үйінде колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «АИТВ: Әрбірін түсіну» тақырыбында өткізілген іс-шарада колледжіміздің студенттерінен кұрылған «АЙСБЕРГ» командасы жүлделі🥉 орынға ие болды. Жүлделеріңіз құтты болсын. 

Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығы және аудандық мәдениет үйі парасаттылық мәдениетін ілгерлету жөніндегі 2021 жылға арналған кешенді іс шаралар жоспары аясында өткен «ЖемқорлықSTOP» атты бейнеролик байқауында «Бас жүлдеге» «Дарынды жастар» қызығушылық клубының мүшелері ие болды. Жетекшісі Калилаева Гулшат Жалгасовна. Сонымен қатарЖемқорлықты жеңу жолдары» атты әдеби байқау өткізілді. Бұл байқауда ТОРС9-20к тобының студенті Сейіт Шоқан «Алғыс хатпен» марапатталды. Жетекшісі Урусбаева Айман Қудайбергеновна.

Заголовок слайда 1
Проснувшись однажды утром после беспокойного сна
Жми!
Заголовок слайда 2
Проснувшись однажды утром после беспокойного сна
Жми!
Заголовок слайда 3
Проснувшись однажды утром после беспокойного сна
Жми!
Предыдущая
Следующая

                             Ұмытылмас тағдырлар

31 мамыр саяси қуғынсүргін құрбандарын еске алу күніне орай Шамалған ауылдық мәдениет үйінде С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптіктехникалық колледж студенттерінен құралған «Дарынды жастар» қызығушылық клубының мүшелері және жетекшісі Гүлшат Жалғасқызымен, Шамалған ауылдық мәдениет үйі, Шамалған ауылдық кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен «Ұмытылмас тағдырлар» атты тарихи еске алу кеші өткізілді.Кешке Қарасай өлкетану музейінің директоры Серік Мақұлбекұлы, аудандық Шамалған ауылдық жастар ісінің маманы Аяжан Үсенқызы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мақпал Мырзагалиевна қатысты. Тарихи кеште саяси қуғынсүргінге ұшыраған, сонау нәубет замандарды бейнелейтін видео — слайд көрсетіліп, қиынқыстау заманда тағдыр талқысына, өмір бұрқасынына қасқайып қарсы тұрған табиғаты нәзік, жігері мықты қазақ әйелінің тағдырын бейнелейтін » Әйел тағдыры» атты көрініс көрсетілді. Клуб мүшелерінен құралған студенттер ашаршылық жылдарына арналған өлеңдерді және өз қаламдарынан туған «Қуғынсүргін«, «Тәуелсіздік» арнау өлеңдерін оқып, «Мен қазақпын» , «Мен қазақтың баласы» сынды патриоттық бағыттағы әндерді орындаса, мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Қарабекова Шаттық Майлықожаның термесі «Өсиетті» орындады.Кеш соңында ақын, Қарасай өлкетану музейінің директоры Серік Мақұлбекұлы сөз сөйлеп, жастарды тәрбиеге баулитын шаралардың көптеп өтуін тілге тиек етіп, атсалысқан барша жастарға өз алғысын жеткізді.

Оставьте контактную информацию и мы перезвоним