яндекс

mail.ru

google

метка up

Каскеленский
профессионально-технический
колледж

им. Санджара Жандосова

Приемная комиссия

Каскелен

комп

планшет

телефон

секцию не удалять, сделать невидимой - в ней индикатор ПК-Планшет-ТЛФ

«Колледж аруы – 2022» байқауы

Қазақ халқы қашан да ұлын нарға, қызын арға балап, ізеттілігін келіннен тауып, көңілінің дархандығын кең даласымен өлшеген. «Қызың өссе – өрісің» деп қызға ерекше құрмет көрсеткен. Бүгінгі қоғамда халқымыздың қыз бала тәрбиесіндегі қалыптасқан дәстүрін насихаттау басты назарда тұруы қажет.

Осы мақсатқа сәйкес, көктемнің көтеріңкі көңіл – күй сыйлайтын айтулы күнінің қарсаңында наурыз айының 4-де  С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінің акт залында директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары мен жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісінің  ұйымдастыруымен студенттер арасында «Колледж аруы – 2022» байқауы өткізілді.

Байқауға 1 және 2 курс қыздары арасынан 7 ару қыздарымыз қатысып, 5 кезең бойынша бақ сынады:

І кезең — «Таныстыру» аруларымызға берілген уақытта өзін-өзі таныстыру.

ІІ кезең — «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» сайысында өнерпаздық деңгейін бағалау, ән айту, би билеу, мәнерлеп өлең оқу бойынша өнерлері сыналды.

ІІІ кезең — «Бес саусағынан бал тамған» дәмді тағамдар әзірлеу өнерін көрсету;

ІV  кезең — «Ақыл – жастан, асыл тастан шығады» сайысында салт дәстүрлер мен мақал-мәтелдер бойынша, танымдық сұрақтар бойынша білімі бағаланды;

V кезең — «Сыр мен сымбат сұлулығы» өздері дайындаған киім үлгісін (Салфеткадан, қағаздан, газеттен және т.б.) көрсету, сахнада өзін-өзі ұстай білу мәдениетіне назар аударылды.

Таласқа толы байқауда ару қыздар өз өнерлерін барынша ортаға салып, жан-жақты қырларынан таныла білді. Сайыс соңында жеңімпаздарды әділқазылар құрамы: өндірістік оқыту шебері және арнайы пән оқытушысы У.Р.Болганбаева, тарих және география пәнінің оқытушысы Б.Болатхан және арнайы пән оқытушысы М.Е.Хасенова анықтады. Қазылар алқасының анықтауы бойынша, ерекше қырынан танылған арулар ретінде жеңімпаздар белгілі болып, марапаттауға ие болды.

Байқауда жеңімпаз деп танылған арулар:

«Колледж аруы – 2022» атағын алып, бас жүлдеге ие болған ШВ9-20к тобының студенті Алимбет Нұрдана;

І орынды ШВ9-21к тобының студенті Жумадилла Жанерке;

ІІ орынды ОП9-21р тобының студенті Утесова Диляра;

ІІІ орынды ПК11-21р тобының студенті Бақытжанқызы Арайлым иеленді.

Директордың оқу-тәрбие жұмысы

 жөніндегі орынбасары

Джаркембаева Макпал Мырзагалиевна

Читайте также

новости

«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант

04 мамыр күні сағат 11.00-де С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледждің оқытушылары мен студенттері «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі

новости

Сенбілікте қызметкерлер мен студенттер колледж аумағын күл — қоқыстан тазартты

Алматы облысы әкімінің және Алматы облысы білім басқармасының тапсырмасына сәйкес ауа райының жылуына байланысты ағымдағы жылдың 18 наурызында Санджар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінің қызметкерлері

Оставьте контактную информацию и мы перезвоним