яндекс

mail.ru

google

метка up

Каскеленский
профессионально-технический
колледж

им. Санджара Жандосова

Приемная комиссия

Каскелен

комп

планшет

телефон

секцию не удалять, сделать невидимой - в ней индикатор ПК-Планшет-ТЛФ

Кітапхана – жаңа қоғамдық кеңістік

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ,2023жылдың 3 ақпанында Қаскелең Мәдениет колледжінің базасында білім алушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттырудың тәжірибедегі мүмкіндіктерін ұсыну ,педагогтардың кәсібі шеберлігін арттыру мақсатында «Кітап оқы,Шабыттан»тақырыбындағы облыстық байқаудың ашылуы өтті.
Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханашылары, «Парасатты оқырман» жобасының мүшелері қатысты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбековна «Кітапхана – жаңа қоғамдық кеңістік» тақырыбында, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік бөлім басшысы Исаханова Шынар Кабиевна ««Парасатты оқырман» жобасы: тәжірибе және мүмкіндік» тақырыбында пленарлық отырыстар өткізді. Шығармашылық жұмыстар көрмесі, тәжірибелік алаң, қатысушылармен сауалнама жүргізілді.
Таныстырылымнан соң қонақтар мәдениет колледжі ұйымдастырған көрмені тамашалады. Мұнда студенттерінің қолөнер туындыларымен танысты, оркестрмен жанды дауыста ән тыңдап, студенттердің биін тамашалады. Колледж директоры Саят Қырғызбайұлы қазақтың ұлттық аспабы қос ішекті домбырасын қолына алып, «Қазыналы қазақтың жырын жазған домбыра…» деп , Н.Тілендиев атамыздың «Әлқисса» күйін орындап берді. Бүгінгі Қаскелең мәдениет колледжінде өткен іс-шара оқырманға нәр, көрерменге ой саларлық сапалы деңгейде өтті. Осындай игі шаралар жалғасын таба берсін. Толық көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз https://www.instagram.com/p/CoOjOuKDaZj/

Читайте также

Оставьте контактную информацию и мы перезвоним