яндекс

mail.ru

google

метка up

Каскеленский
профессионально-технический
колледж

им. Санджара Жандосова

Приемная комиссия

Каскелен

комп

планшет

телефон

секцию не удалять, сделать невидимой - в ней индикатор ПК-Планшет-ТЛФ

Мемлекеттік рәміздер — ұлттық мақтаныш

Санджар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінде өскелең ұрпаққа аса маңызды мемлекеттік белгілер — рәміздермен жан-жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау және мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту мақсатында «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубының мүшелеріне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М.Джаркембаева және жастар ісі жөніндегі комитеттің жетекшісі Э.Б.Танатарованың ұйымдастыруымен TEDx форматында «Мемлекеттік рәміздер — ұлттық мақтаныш» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.

Дөңгелек үстел барысында мемлекетті рәміздердің тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналатыны түсіндірілді. Сонымен қатар, «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубының мүшелері Мемлекеттік рәміздердің бейнесін платкат салып, студенттер өздерінің алған білімдерімен бөлісіп, соңында мемлекеттік Әнұран орындалды. Толық көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз https://www.instagram.com/p/CoHYChuja4s/

Читайте также

новости

«Энергетика саласы» бойынша облыстық кәсіби шеберлік байқау

15.03.2023 жылы Алматы облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Энергетика саласы» бойынша облыстық кәсіби шеберлік байқауы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ

новости

Алғыс айту күні

Рақмет — үлкен және шын жүректен! С.Жандосов атындағы ҚКТК Студенттік Парламент мүшелері «Алтын жүрек» челленджін қабылдап, басқа өңірлерге жолдайды.Алғыс – адамның жүрегінен шығатын шынайы, таза

Оставьте контактную информацию и мы перезвоним