Егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға тың серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған тарихи құжатта яғни Мемлекеттің басшысының халыққа Жолдау жария болды. Осы Жолдауды таныстыру мақсатында колледж кітапханасында студенттер басқосуы өтті. Студенттерге алдымен Жолдаудың қысқаша мазмұнымен таныстырылды. Іс шара барысында студенттермен толық нұсқасы талқыланды. Туындаған сұрақтарға өзара жауап іздеді. Басқосуға қатысқан Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Турлибаева Нұржамалда өз ойын ортаға салды. Еліміз үшін ең басты мұрат болып саналатын «Мәңгілік ел» идеясына толыққанды жету үшін бұл Жолдаудың маңызы зор деп есептейтіндігін айта отырып басқосу аяқталды.
Толығырақ: https://www.instagram.com/tv/Cb_1YPSDZV8/?utm_source=ig_web_copy_link