

14 наурыз бен 1 сәуір аралығында Санджар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды. Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз – Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Аталған мерекеге байланысты колледжде ұлы мерекені атап өтуге арнайы іс –шара жоспары құрылып, колледж ұжымы мен студенттері Наурыз мерекесіне ерекше ықыласпен дайындалып, белсене араласып, ерекше аталып өтті.
Жастарды бауырмалдылық пен мейірімділікке, салт-дәстүрді берік ұстануға насихаттау барысында 1-3 курс «Аспазшы» мамандықтарының білім алушылары арасында «Бауырсақ Party» акциясы ұйымдастырылды. Студенттер өндірістік оқыту сабағында өндірістік оқыту шеберлерімен бірге бауырсақ пісіріп, белсенді студенттер әр топтарға кіріп, құттықтау сөздері мен жылы лебіздерін білдіріп, бауырсақтан дәм татқызып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, жағымды ахуал қалыптастырды.
Студенттер арасында «Нұр Наурыз – халық тойы» тақырыбында эссе байқауы жарияланып, байқауға қазақ тілінде-45, орыс тілінде-23 және ағылшын тілінде-8 студент қатысып, Наурыз мейрамы туралы эссе жазды. Әсерлі жазылған эссе жеңімпаздары марапатталды.
Колледжіміздің белсенді студенттері мен Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталағының мамандары бірлесіп, Қаскелең қаласында орналасқан «Нұр Отау» қарттар үйіне барып, «Қайырымды Ұлт» атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Мерекелік бағдарлама колледжіміздің директоры Бакиров Рустембек Тохтаганұлының құттықтау сөзімен басталды. Наурыз мейрамы қарсаңында студенттеріміз қарттардың көңіл-күйін көтеру мақсатында ән шашуларын шашып, қарттармен бірге билеп, тамаша көңіл-күй сыйлап қайтты.
Жастардың қолымен колледж аумағын көгалдандыру, жас ұрпақтың бойында табиғатқа деген жанашырлық, қамқорлық сезімдерін қалыптастыру, эстетикалық және экологиялық тәрбиені нығайту мақсатында «Таза табиғат» акциясы мен «Менің атаулы ағашым» тақырыбында 1-3 курс студенттері өндірістік оқыту шеберлерімен бірге колледж аумағына тазарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Наурыз мерекесін тойлау барысында қазақтың ұлттық спорттық ойындары да назардан тыс қалмады. Дене тәрбиесінің оқытушыларының ұйымдастыруымен «Наурыз думан» тақырыбында жарыс өтті. Жарысқа 8 команда қатысып, асық ату, қол күрес, бұқа тартыс, жаяу көкпар және арқан тартыс ойындары арқылы бақтарын сынады. Төрешілердің шешімімен І-орынға ТОРС9-19к, ІІ-орынға ТОРС9-20к, ІІІ-оынға ОП9-20к топтары ие болды. Сонымен қатар, әр ойын бойынша үздік деп танылған студенттер алғыс хатпен марапатталды.
Наурыз мейрамындағы демалыс күндерін тиімді пайдалану мақсатында «Наурыз мейірімі» атты акциямен колледж жатақханасында тұратын, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттеріне колледж директоры мен директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Алматы қаласында орналасқан «Дельфинарий Nemo»-ға саяхат ұйымдастырды.
Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі мен СД9-21к тобының студенттері «Қайырымды Ұлт» акциясымен Қаскелең қаласының тұрғыны, 80 жастағы апамыз Любовь Петровнаның үйіне барып, ауласын, үйін жинап көмектесіп қайтты. Үлкеннің қарғысын алма, алғысын ал дегендей студенттерімізге апамыз риза болып, алғысын білдірді.
Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи-әлеуметтік, мәдени тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Атадан бала жаңғырып келе жатқан салт дәстүрді насихаттау мақсатында колледж кітапханасында «Ұлттық мәдениеттің негізі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Колледждің 2 курс студенті Алимбет Нұрдана таныстырған кітап көрмесінде бірқатар студенттер тұсау кесер, сырға салу, сәлем салу наурыз мерекесінде жасалатын салт дәстүрмен және ою өрнек атаулары туралы толық мәлімет алды. Дана халықтың өзі жасаған осы салт-дәстүрлерді біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол екенін айқындап тұрғандай.
Осы іс-шаралардың қорытындысы ретінде «Наурызым – нұрлы ырысым» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара колледж директоры Бакиров Рустембек Тохтағанұлының құттықтау сөзімен басталды. Бата, бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Әр топ салт-дәстүрімізді жаңғырту, ұлықтау, дамыту мақсатында қырқынан шығрау, тұсау кесер, бесікке салу, сырға салу, қыз ұзату, беташар дәстүрлерінен көріністер көрсетілді. Қазақ халқында көптеген салт-дәстүрлер бар. Соның ішінде барлық мерекені ашып беретін дәстүріміздің бірі- Шашу. Меркелік іс-шарамыз да шашу дәстүрімен ашылды. Әр топ студенттері дастархан жайып, ән айтылып, қазақша би билеген студенттер қуанышты мерекенің сәнін келтірді. Мерекеліс іс-шарада қазақтың ұлттық спорттық ойындары да назардан тыс қалмады. Колледж оқытушылары мен білім алушыларына наурыз көже дайындалып, дастархан жайылды.
Джаркембаева Макпал Мырзагалиевна