2022 жылдың маусым айының 14-шы жұлдызында Санджар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінде «Кәсіптік білім мен жоғарғы оқу орны арасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері» атты облыстық семинар болып өтті
Семинардың басты мақсаты Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен бірге Санджар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі «Энергетика» мамандығы бойынша бірлесе әзірленген оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде ынтымақтастық арқылы кәсіпорын саласына құзыретті мамандар даярлау.
Семинарға Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік бөлім басшысы Исаханова Шынар Кабиевна; Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Жәутіков Бақыт Ахатұлы; Энергетика және машина жасау институтының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Елемесов Қасым Көптілеуұлы;«Энергетика» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Сәрсенбаев Ерлан Әлиасқарұлы; ЖШС «Elcos», колледждің әлеуметтік серіктестігі Битимшинов Дархан Ризабекович қатысты.

новости
«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант
04 мамыр күні сағат 11.00-де С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледждің оқытушылары мен студенттері «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі