8 желтоқсанда Республика
колледждерінің үздік 100 студентін ресми
марапаттау рәсімі Астана қаласында өтті. Колледж атынан 3 курс студенті Каипбаев Арман қатысып жеңімпаз атанды.
Конкурс жеңімпаздары 2022 жылғқараша айының 1 мен 15 аралығында конкурсты
ұйымдастырушы-«Talap» КЕАҚ платформасында
онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды.
Конкурстың ресми марапаттау рәсімін ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ашып,
жеңімпаздарды марапаттады.
Сонымен қатар жеңiмпаздарды:
ҚР Парламенті Мажилисінің депутаты Геннадий Шиповских;
ҚР Қоғам қайраткері Мурат Абенов
«Talap» КЕАҚ президенті Шолпан Утельбаева;
«Бiлiмдi ел» газетінің бас редакторы Ляззат
Туркестанова;
“AMANAT” партиясының жастар қанаты «Жастар рухы» Арсланбек Магзум марапаттады.
Конкурс талантты жастарды қолдау, жұмысшы мамандықтарын және білім, дағды мен дарын арқасында жетістікке жеткен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының уздiк студенттерін қолдау мақсатында өткізіледі.


