Алматы облысы әкімінің және Алматы облысы білім басқармасының тапсырмасына сәйкес ауа райының жылуына байланысты ағымдағы жылдың 18 наурызында Санджар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінің қызметкерлері мен Студенттік парламенттің «Еңбек және экология» фракциясының «Эко-волонтер» мүшелері облыстық сенбілікке шықты. Сенбілікте қызметкерлер мен студенттер колледж аумағын күл — қоқыстан тазартып, құрайларды шауып, тазарту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, колледж аумағына 20 тал және Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығымен бірлесіп Қаскелең қаласындағы Наурызбай батыр ескерткіші аумағына 30 тал көшет отырғызды.
