15.03.2023 жылы Алматы облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Энергетика саласы» бойынша облыстық кәсіби шеберлік байқауы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің базасында өткізілді.
«Энергетика» мамандығы бойынша Алматы облысында 9 колледж мамандарды даярлайды.
Байқауда Алматы облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Энергетика» мамандығының 21 инженер-педагогі 3 модуль бойынша кәсіби шеберліктерін жекелей әрі топтық үлгіде сынға салды.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының
І дәрежелі дипломмен –Куразов Ж.С., Хасенова М.Е. (С. Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі),
ІІ дәрежелі дипломмен – Набиева Н.К., Мухамеджанов У.Ш. (Қаракемер кәсіптік колледжі),
ІІІ дәрежелі дипломмен – Жайлова Ж.Ж., Сеитов З.А., (Талғар политехникалық колледжі) және қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.
Бірінші орынды иеленген жеңімпаздарға желтоқсан айында Солтүстік Қазақстан облысында өтетін республикалық кезеңге жолдама берілді.
Толық көру үшін келесі сідтемеге өтіңіз https://www.instagram.com/p/Cp4Hs2ujDo4/?igshid=YmMyMTA2M2Y=