24.11.2022 жылы Санджар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінің 1-3 курс студенттеріне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М.Джаркембаева мен Қарасай АП-ның ЖПҚБ-нің
ЮПТ-ның полиция майоры
Е.Е.Ембердиев, Қарасай аудандық прокуратурасының aғa прокуроры М.Б.Аманов пен прокурор А.А.Шаймерденов бірлесе «Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу
жолдары туралы», «Ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің, жасанды түсік жасату» тақырыбында дәріс жүргізілді.
Қазакстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайту басты міндеттің бірі — бала құқықтарын қорғау. Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі балалар мен жасөспірімдерді
салауатты өмір салтын ұстануға уйрету, зиянды әрекеттердің белен алып бара жатқандарын ескере отырып, оны болдырмаудың алдын алуға тәрбиелеу. Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі — жаман қылықтардан, яғни ерте жыныстық қатынасқа түсуден аулақ болу керектігін түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау.


