«Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі» 2021 жылы 10 қарашада техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында ұйымдастырылған Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған «Алаш арыстары» облыстық оқуларына колледжіміздің жас ақындары Кайпбаев Арман, Алимбет Нұрдана, Касимов Айдана, Абдул Карим Балжан қатысып келді. Әлихан Бөкейханның еңбектерін зерттеп, терең меңгеруге қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылған бұл байқауда әділқазылар алқасының құрамы шараның маңыздылығын атап көрсете отырып, Қайпбаев Арманды 1 орын, Алимбет Нұрдана, Касимова Айдана, Абдул Карим Балжанды «Алғыс хатпен» марапаттауды жөн көрді. Және де сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, жетекшілері колледж кітапханашысы Калилаева ГулшатЖалгасовна мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің отқытушысы Омарбаева Маншук Рахымовнада «Алғыс хатпен» марапатталды. Облыстың түпкір түпкірінен сайысқа түскен студенттердің арасынан жүлделі болған студенттерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтап, биіктен көріне беруін тілейміз.
Толығырақ колледждің instagram парақшасында https://www.instagram.com/p/CWSPxlcDdl3/?utm_source=ig_web_copy_link