"Ұмытылмас тағдырлар" атты тарихи еске алу кеші
31 мамыр саяси қуғын — сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Шамалған ауылдық мәдениет үйінде С.Жандосов атындағы кәсіптік- техникалық колледж студенттерінен құралған «Дарынды жастар» клубы мүшелері және жетекшісі Гүлшат Жалғасқызымен, шамалған ауылдық мәдениет үйі, шамалған ауылдық кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен «Ұмытылмас тағдырлар» атты тарихи еске алу кеші өткізілді.Кешке Қарасай өлкетану музейінің директоры Серік Мақұлбекұлы, аудандық шамалған ауылдық жастар ісінің маманы Аяжан Үсенқызы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мақпал Мырзагалиевна қатысты. Тарихи кеште саяси қуғын — сүргінге ұшыраған, сонау нәубет замандарды бейнелейтін видео — слаид көрсетіліп, қиын — қыстау заманда тағдыр талқысына, өмір бұрқасынына қасқайып қарсы тұрған табиғаты нәзік, жігері мықты қазақ әйелінің тағдырын бейнелейтін » Әйел тағдыры» атты көрініс көрсетілді. Клуб мүшелерінен құралған студенттер ашаршылық жылдарына арналған өлеңдерді және өз қаламдарынан туған «Қуғын — сүргін», «Тәуелсіздік» арнау өлеңдерін оқып, «Мен қазақпын» , «Мен қазақтың баласы» сынды патриоттық бағыттағы әндерді орындаса, мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Қарабекова Шаттық Майлықожаның термесі «Өсиетті» орындады.Кеш соңында ақын, Қарасай өлкетану музейінің директоры Серік Мақұлбекұлы сөз сөйлеп, жастарды тәрбиеге баулитын шаралардың көптеп өтуін тілге тиек етіп, атсалысқан барша жастарға өз алғысын жеткізді.


